Астанада БАҚ арасындағы конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталды
15 тамыз, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада Елорда күніне орай БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған үздік жарияланымдар, репортаждар мен елорданың дамуы туралы сюжеттер байқауы басталды. Конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Байқауға сегіз номинация кіреді, олардың әрқайсысында үш жүлделі орын бар. Осылайша 24 жеңімпаз анықталады. Байқау лауреаттарын марапаттау рәсімі осы жұмада, 28 маусымда елордада өтеді.
Байқауға 2024 жылдың 1 маусымы мен 23 маусымы аралығында жарияланған материалдар қатыстырылды.
Жеңімпаздар жүлде ретінде миллион теңге, екінші орын иегерлері – 500 мың теңге, үшінші орын иегерлері – 300 мың теңге алады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:27
Smart Astana қосымшасы арқылы балабақша кезегіне қалай тұруға болады
Бүгін, 11:45
Елордада Қарлығаш Бәкенқызының 80 жас мерейтойына арналған бенефис-концерт өтті
Бүгін, 10:29
Елордадан бір түнде 25 мың текше метрден астам қар шығарылды
Бүгін, 09:33
Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі