Астанада «Қазақша Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті
Астанада Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Қазақша Quiz» интеллектуалдық сайысын ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.
Додаға жалпы саны 13 команда жасақталып, ойын барысында қатысушылар асқан белсенділік танытты. Зияткерлік сайыстың әрбір кезеңінде 5-10 сұрақтан қойылды. Куиз 5 кезеңнен құралды.
Республика деңгейінде жастар арасында кең танымал ойынның қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған үш топ марапатталды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қызметкерлерінен жасақталған команда жеңіс тұғырынан көрінсе, Астана қаласы әкімдігінің Nomad city hall командасы 2-орында тұрақтады. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінен жасақталған команда жарыста жүлделі үшінші орынды иеленді. Ойын барысында белсенділік танытқан командалар алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды.