Астанада автобөлшектер сақтау қоймасы өртенді

Фото: ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«18 сәуір 2025 жылдың 05 сағат 24 минутта 101 пултіне Астана қаласы Сарыарқа ауданы Баршын көшесі 30/1 мекенжайында өрт туралы хабарлама келіп түсті. 05 сағат 33 минутта алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келіп жетті. Өрт орнында автобөлшектер сақтау қоймасы жанғаны анықталып, екінші шақырту жарияланды. Өртке 57 жеке құрам, 8 негізгі, 2 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт 07 сағат 11 минутта оқшауланды, Өрттің ауданы 5 шаршы метрді құрайды. 07 сағат 25 минутта өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді Астана қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мауленбердиев.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

16 қазан, 2025
Елордалықтарға құстарды қоректендірудің зияны туралы ескертілді

16 қазан, 2025
Елордада велосипед ұрлады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды

16 қазан, 2025
Елордадағы «Шарапат» орталығында Республика күніне арналған іс-шара өтті