00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Ашық алаң» ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті

Астанада «Ашық алаң»  ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті
Фото: Elordainfo.kz/Сабина Кәкімжан

Бүгін елордада  «Аружан» сауда-ойын сауық орталығында «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті,  деп хабарлады Elordainfo.kz

Іс-шараны  Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы ұйымдастырды.
 

Аталмыш акция Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамытудың Кешенді жоспарын орындау шеңберінде өткен, - деді Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығы маманы Айжан Махамбетова.

Іс-шарада ұлттық құндылықтар дәріптеліп,видеороликтер көрсетіліп, «сұрақ-жауап» викторинасы және балалар арасында мақал-мәтел сайысы болды.  Сайыс жеңімпаздарына арнайы сертификаттар табыс етілді. 

Акция аясында елорда тұрғындарына деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескертетін, сенімді дереккөздердің, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімін, дін саласындағы заңнаманы, және т.б. қамтитын 3мыңнан астам ақпараттық брошюралар үлестірілді.

Іс-шараның мақсаты - елорда тұрғындарын деструктивті діни ағымдар мен олардың қауіптілігі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен танысу.

«Сайыс жеңімпаздарына «Детский мир»,  «O'stin» және «Sulpak» магазиндерінен сертификаттар және "Қажымұқан" фильміне кино билеттер табыстадық 

Акция аясында елорда тұрғындарына деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескертетін, сенімді дереккөздердің, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімін, дін саласындағы заңнаманы, және т.б. қамтитын ақпараттық брошюралар үлестірдік», - деді Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығы маманы Айжан Махамбетова.