Астанада Амман көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінің Ж.Тәшенов көшесінен Шарль де Голь көшесіне дейін аралығында жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 29 маусым мен 4 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар

1 қазан, 2025
Астана IT-компаниялардың жаңа орталығына айналып жатыр – Жаслан Мадиев

1 қазан, 2025
Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеге 500 тоннаға жуық өнім әкеледі

1 қазан, 2025
Есіл өзеніне 500 мың тұқы балықтарының шабағы мен ақ амур жіберілді

1 қазан, 2025
Күштік құрылымдар арасында «Әскер барысы» анықталды