Астанада абитуриент университеттен музыкалық аспап ұрлап кеткен
2 қыркүйек, 2024


Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада абитуриент университеттен 150 мың теңге тұратын музыкалық аспапты ұрлап кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында жас жігіттің іс-шараларда музыкант болып жұмыс істейтіні және алдағы қойылымға аспап қажет болған соң осындай қадамға барғаны белгілі болды. Құжаттарды тапсырған күні кабинеттердің бірінен музыкалық аспапты байқап, ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтады. Ол осы университетке құжат тапсырған 18 жастағы талапкер болып шықты.
«Жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған құрал тәркіленіп, білім мекемесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:05
Біз LRT бойындағы маршрутты кезең-кезеңімен абаттандырамыз - Жеңіс Қасымбек

Бүгін, 15:58
«Оны азайту үшін жолды қысқарту керек»: Жұманғарин Астанадағы кептелісті азайтуға қатысты жоспарын айтты

Бүгін, 14:49
Астанада 8 наурыз мерекесіне орай қандай іс-шаралар өтеді

Бүгін, 13:48
Мұғалімдер арасында «Ең сұлу жас ұстаз Астана-2025» фотобайқауы өтеді