00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 8 мыңнан астам адамға АӘК тағайындалды

21 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 8 мыңнан астам адамға АӘК тағайындалды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Атаулы әлеуметтік көмек» тақырыбында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің мөлшері осы жылдың 3 тоқсанына 37 317 теңгені құрады. Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты. Әлеуметтік келісімшарттың, жеке көмек көрсету жоспарының нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан бастап 2 809 отбасыға яғни 13,8 адамға, оның ішінде 1 361 көпбалалы отбасына оның ішінде 8,6 мың адамға тағайындалды.

Өткен жылдармен салыстырмалы түрде алатын болсақ: 2022 жылы игерілгені - 2 071,8 млн теңге. 2021 жылы 2,1 млрд теңге сомасына АӘК төлемдері – 5 095 отбасына (24 мың адам), оның ішінде 1 905 көпбалалы отбасына (4 тоқсан – 2 766 отбасына (13,2 мың адам) берілді. Биылға АӘК жоспары 24 500 адамға 1 852,2 млн теңгені құрайды, - деді А.Таласова.

Айта кетейік, жыл басынан ақшалай төлем түрінде АӘК алушылар қатарынан 4 562 балаға (2 441 отбасы) 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде қолдау ретінде қосымша төлем белгілеу жолымен монетизация жүзеге асырылды. Бұл АӘК алатын отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын өз бетінше сатып алуға мүмкіндік берді.