Астанада 60 мың жаңа жұмыс орны ашылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 60 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Оңалхан Өнерхан

Жыл соңына дейін Астанада 60 мың жаңа жұмыс  орны ашылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Бірінші кезекте, бұл – тұрақсыз жұмыспен қамтылған адамдарды тіркеу және анықтау, жеке атаулы қолдау шараларын ұсыну, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін курстар және ары қарай жұмысқа орналастыру.Жалпы жылдың соңына дейін 60 мың жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз, - деді әкім.

Негізі жұмыс орындар шағын және орта бизнес саласында құрылады. 

Бұл жерде қазірдің өзінде елорданың экономикалық белсенді тұрғындарының 70% жұмыс істейді, - деді Жеңіс Қасымбек.