Астанада 2,3 мыңнан астам жұмысшы қар тазалауға шықты
24 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Астана қаласы әкімдігі
24 ақпан күні таңертең елордада қар тазалау жұмысына 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.
23 ақпаннан 24-іне қараған түні қаладан 34,9 мың текше метр, яғни 2647 рейс қар шығарылды, - делінген хабарламада.
Ал қыс басынан бері қар полигондарына барлығы 378,4 мың рейс, яғни 5,14 млн текше метр қар шығарылған еді.
Сондай-ақ қозғалыс кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.
Ұқсас жаңалықтар