«Астана жастары» еріктілерінің қатысуымен 700-ге жуық іс-шара өткізілді
Бұл туралы AMANAT партиясы Саяси кеңесінің мүшесі және Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Астанада жастардың еріктілер қозғалысын дамыту AMANAT партиясы елордалық филиалының Жол картасының басым бағыттарының бірі.
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының базасында волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарға ресурстық және ақпараттық көмек көрсету үшін «қалалық волонтерлер штабы» фронт-офисі жұмыс істейді.
«Тұрақты негізде 30 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл волонтерлік топпен ынтымақтастық және бірлескен қызмет жүргізіледі. Штабта 6 200-ден астам белсенді еріктілер жұмыс істейді. Өткен жылы олармен бірге 670-тен астам іс-шара өткізілді. Негізгі жобалар: «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз қала», «Адреса заботы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem».
Елордалық еріктілер биыл қыркүйек айында елордамызда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге білек сыбана әрекет етеді», - деп жазды Е.Каналимов.