00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана құрамасы «Senat Open» шахмат турнирінің жеңімпазы атанды

Астана құрамасы «Senat Open» шахмат турнирінің жеңімпазы атанды
фото: facebook.com

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

"Астана құрамасы ел тарихындағы алғашқы «Senat Open» шахмат турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл турнир мәслихаттардың 30 жылдығына арналып, Қазақстан шахмат федерациясы мен ҚР Парламенті Сенатының ұйымдастыруымен және «Freedom Broker» қолдауымен өтті. Турнирде барлық шақырылымдардағы мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақ сынасты. «Senat Open» турнирі елдің барлық аймақтарынан 2000-нан астам шахмат әуесқойларын біріктірді",- деп жазды Ерлан Каналимов.

Мәслихат төрағасының айтуынша, турнирге барлығы 130 адам қатысты.

"Үлкен шахмат марафонының финалына Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды және Алматы қалаларында өткен жартылай финалдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері – барлығы 130 адам қатысты. Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық аймақтар бойынша аймақтық қағидатпен құрылды. Сенаттың үлкен кубогын Астана құрамасы жеңіп алды, күміс жүлдегерлер Шымкент қаласының командасы болса, қола жүлдеге Павлодар облысының командасы ие болды. Сонымен қатар, «БАҚ» номинациясы бойынша жеке есепте бірінші орынды Қайрат Құрманғалиев иеленді, ал осы номинацияда екінші орын Рүстем Омаровқа бұйырды. «Әйелдер» номинациясында екінші орынды Айжан Асанова иеленді",- деді ол.