Астана әкімдігі әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа қатысты жауап берді
60-тан астам ТК және коммерциялық нысандар бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әлеуметтік нысандарға өзгертілді, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар, 60-тан астам ТК және коммерциялық нысандар бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әлеуметтік нысандарға өзгертілді: мектептер, балабақшалар, қоғамдық және аула кеңістіктері және т. б.
Учаскелер бойынша:
Есіл ауданы бойынша:
- ІІД ғимараты: 2015 жылы ІІД ғимаратын Түркістан көшесі бойында, №20 ғимараттың жанында орналастыру көзделген. Әкімдік осы аумақтағы Оқушылар сарайы мен емханаға түбегейлі жоспарлау жобасын өзгертуге бастамашылық жасады;
- 2 мектеп: Ф.Оңғарсынова көшесіндегі қолданыстағы түбегейлі жоспарлау жобасы бойынша жалпы білім беретін мектепті орналастыру көзделген. Сондай-ақ, іргелес учаскеде Оқушылар сарайы салынады. Яғни, мемлекеттік мектеп пен Оқушылар сарайы болады.
- Т. Рысқұлов көшесі мен ЭКСПО-2017 кешені ауданындағы учаскеде мектеп салынады.
- 2 балабақша: Керей, Жәнібек хандар көшелерінің аумағында және «Бағыстан» ТК ауданында бұрын жоспарланғандай балабақшалар салынады.
Алматы ауданы бойынша:
- 2 мектеп: И. Панфилов көшесі мен А91 көшесі бойынша түбегейлі жоспарлау жобасы бойынша екі жалпы білім беретін мемлекеттік мектепті орналастыру көзделген.
- 5 балабақша: 1) М.Төлебаев көшесіндегі қолданыстағы түбегейлі жоспарлау жобасы бойынша балабақша құрылысы сақталады. Сонымен қатар, Оқушылар сарайы да салынады.
2) Астана-Қарағанды тасжолының шекарасында көпқабатты тұрғын үй кешені орнына «Төтенше жағдайлар академиясы» салынады. Балабақша құрылысы сақталады. Сонымен қатар, осы тұрғын алапта тағы үш балабақша салынады. Қосымша тұрғын үй құрылысы қарастырылмаған.
3) Ж. Нәжімеденов көшесі, 56-уч. - көппәтерлі тұрғын үй кешені аз қабатты сауда-ойын-сауық орталығына ауыстырылады, ал кіріктірілген мектепке дейінгі балалар мекемесі қалады.
4) Қолданыстағы жоба бойынша А.Тоқпанов көшесі бойынша түбегейлі жоспарлау жобасы бұрын жоспарланғандай, «320 орындық балабақша» орналастыру көзделген.
5) Қолданыстағы жоба бойынша Ж.Нәжімеденов көшесі бойынша түбегейлі жоспарлау жобасы бұрын жоспарланғандай, балабақша салу көзделген.
Сарыарқа ауданы бойынша:
- 2 жатақхана: бұл үйлер апатты деп танылды және олар бұзылды. Жатақханаларға түбегейлі жоспарлау жобасы сақталды. Көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы қарастырылмаған.
Нұра ауданы бойынша:
- Нұра және Сарыарқа аудандары арасындағы Есіл өзенінің жағасында орналасқан учаскедегі қызыл сызықтарды ауыстыруға қатысты қалалық жағажай болады. Бұл учаске Кіші Талдыкөл көлдерінің топтарына жатпайды.
- И.Омаров көшесі бойында кіріктірілген балабақшасы бар бұрынғы түбегейлі жоспарлау жобасы – ТК-да өзгеріссіз қалады.
Байқоңыр ауданы бойынша:
- Мектепке қосымша: Игілік және Тайбурыл, 2 көшелерінің қиылысы ауданында балаларға арналған бос уақыт және спорт орталықтары жоқ екенін ескере отырып, сол учаскеде Оқушылар сарайын салу туралы шешім қабылданды.
Қоғамдық бірлестік жариялаған ақпарат 100% шындыққа жанаспайды және жалған. Биыл бірде-бір әлеуметтік нысан көппәтерлі тұрғын үй кешеніне ауыстырылған жоқ. Астанада жоспарланған әлеуметтік нысандар орнында бірде-бір тұрғын үй кешені салынбайды, - делінген хабарламада.