Амбулаториялық-емханалық кешеннің құрылысы басталады – Жеңіс Қасымбек
Астанада екі перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жеке инвестициялар есебінен осы жылы екі амбулаториялық-емханалық кешеннің құрылысы басталады. Әлемдік деңгейдегі медициналық кластер құру елорданы дамыту жоспарында бар, - деді әкім.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қалада жеке инвестициялар есебінен үш мектеп салынып жатыр.
Биыл екі ауысымда 88 мың балаға арналған «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 24 мектептің құрылысын бастау жоспарда бар. Бұл елордадағы оқушы орындарының тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Осы айда біз 15 заманауи балаларға білім беру орталықтарын салуға Мемлекет басшысының қолдауын алдық. Осылайша, үш жыл ішінде біз үйірмелер мен бөлімдерге деген негізгі қажеттілікті жабамыз. Бірінші кезеңде елорданың әр ауданында 1 орталықтан салуды бастаймыз, - деді Жеңіс Қасымбек.