00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры

Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры
фото: Elorda.info.

Бүгін Астанадағы Достық үйінде «Адал азамат – Адал Еңбек – Адал табыс» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған іс-шараны Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырды. Оған қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, елорданың құрметті ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері және т.б. қатысты.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына соңғы 2,5 жыл ішінде 11 мыңнан астам егде жандар келіп жүр.

«Мұнда жиналғандар Құрылтай тұжырымдамасына сәйкес «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбын талқылап, адал еңбектің жетістікке әкелетіні туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Ұрпақтар сабақтастығын» жалғастыруда зейнеткерлердің мол тәжірибесі мен нақыл сөздері маңызды екені айтылды, - деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев.

Сондай-ақ, отырыс барысында батыр-полицей Арман Сәрсембаевқа құрмет көрсетілді. 2022 жылы Қаңтар оқиғасындағы батылдығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медалі табысталды. Ол бүгінгі отырыста адал еңбектің жетістікке әкелетіндігі туралы ой бөлісті.

«Қызметке тұрғанда ант бердік. Сол антты бұзбай, елге адал қызмет етеміз.  Адал еңбек адал табысқа, нәтижеге, жетістікке әкеледі. Кез келген еңбек бағаланады. Бұған менің көзім жетті. Өзім Ішкі істер министрлігінде 2011 жылдан бері қызмет етемін, - деді полиция майоры Арман Сәрсембаев.

Сонымен қоса, жиында «Адал азамат – Адал Еңбек – Адал табыс» атты дөңгелек үстелде блиц-сауалнама мен Орталықтың қызметі туралы бейнематериал көрсетілді.