Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
ашық дереккөз

74 келіге дейінгі салмақта белдескен ол финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңде 0:2 есебімен ұтылып жатқан Қайпанов екінші кезеңде күшіне мініп, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. Еске сала кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында да топ жарған болатын. Былтырғы маусымнан бастап Нұрқожа олимпиадалық салмаққа ауысты. Бұл Қазақстан командасының Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Кеше еркін күрес шебері Талғат Сырбаз 70 келіде жеңіске жеткен болатын.