ШОБ субъектілерінің несие төлемін кейінге шегеру тәртібі бекітілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ШОБ субъектілерінің несие төлемін кейінге шегеру тәртібі бекітілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111716830355058.webp)
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелер төлемдерін кейінге шегеру тәртібін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекітті. Осы шарамен экономикалық қызметтің 346 түрі қамтылды, соның ішінде: сауда және ойын-сауық орталықтарын жалға алушылары және тауарларды жеткізу тізбегін қоса алғанда, сауда саласы; спорт, туризм, қонақ үй бизнесі; қоғамдық тамақтану қызметі, мейрамхана және дәмханалар; жолаушылар және жүк тасымалдары; тұрмыстық қызметтер, театр, кинотеатр, фото және бейне түсірілім, көрмелер және конференциялар, салтанатты шаралар ұйымдастыру, сұлулық салондары, фитнес орталықтарды қоса алғанда, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру. Аталған санаттарға несие төлемдерін кейінге шегеру үшін 2021 жылдың 30 маусымына дейін несие ұйымына өтініш жазу керек. Орта кәсіпкерлік субъектілері өтінішпен бірге қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттарды өткізуі тиіс. Кейінге шегеру төменде көрсетілген әдістердің бірін қолданып, жаңа төлемдер кестесін белгілеу арқылы көрсетіледі: несие мерзімінің соңына дейін алдында шегерілген төлемдерді біркелкі бөлу; несие мерзімін кейінге шегеру мерзіміне арттыру; банк займы (микронесие) келісімшарты немесе қарыз алушының өтінішінде белгіленген басқа әдіс. Қосымша шарттар: кейінге шегеру қосымша келісімшарт жасамай беріледі; кейінге шегеру несие тарихын нашарлатпайды; рәсімдеуге комиссия және басқа төлемдер ұстау қарастырылмаған; несиелік ұйымдардың осы қарыз алушыларға қатысты талап қою-өндіру жұмыстары жеңілдік мерзіміне дейін тоқтатылуы.