«Жаһандық күш атасы – Қажымұқан» атты халықаралық онлайн конференция өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жаһандық күш атасы – Қажымұқан» атты халықаралық онлайн конференция өтті
ашық дереккөз

Халықаралық онлайн конференцияға Ресей, Түркия, Мажарстан, Қырғызстан, Қазақстанның белгілі ғалымдары қатысты. Сонымен қатар даңқты палуанның 150 жылдығына орай Қажымұқан Мұңайтпасовтың жеке заттарынан тұратын Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінен жеткізілген «Әлемді білегінде ойнатқан палуан» көрмесі, сондай-ақ палуандардың қатысуымен  спорттық көрсетілім ұйымдастырылды. Көрме жұмысына арнайы келген Қажымұқан Мұңайтпасұлының шөпшегі Меруерт Қажымұқан Ақмола облысы әкіміне палуан бейнесі бейнеленген кілемшені сыйға тартты. Айта кетсек, Ақмола облысында Қажымұқан Мұңайтпасұлының аты 12 көшеге, 1 ауылға және № 3 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне берілген. Палуанның құрметіне 2 ескерткіш орнатылған. Соның бірі Целиноград ауданында орналасқан (оны 2014 жылы «Қажымұқан» қоғамдық қорының президенті Нұрлан Айдарханұлы Қажымұқан орнатқан). Ал екінші ескерткіш 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Степногор қаласында қойылған. Сонымен қатар палуанның құрметіне Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында 1976 жылы орнатылған мемориалдық тақта бар.