Елордада отбасылық құндылықтарды насихаттай жоба басталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада отбасылық құндылықтарды насихаттай жоба басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111721831983049.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы 2020-2022 жылдарға арналған «Отбасы — бақыт мекені» үш жылдық жобасы іске қосылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жоба аясында түрлі іс-шаралар, оқыту семинарлары, тренингтер және т.б. өткізу, осы арқылы отбасылық құндылықтарды түсіндіру жолымен неке және отбасы институтын нығайту жоспарланып отыр. Жоба барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылады: • Жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіру бойынша семинарлар, онлайн-тренингтер; • Ата-ана болуды жоспарлап отырған жас отбасыларға арналған онлайн-тренингтер; • «Үздік жас отбасы» байқауы; • Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасым — мақтанышым»бейнероликтер байқауы; • ЖОО және колледж студенттеріне арналған факультативтік сабақтар; • Жас отбасылар арасында әлеуметтік желілерде «Отбасылық демалыс» тақырыбында байқау; • Отбасылық спорттық марафон. Әр іс-шара бөлек ұйымдастырылады. Келесі аптада тек семинар-тренингтер марафоны басталады. 19-30 сәуір аралығында ZOOM платформасында бақытты отбасылық қатынастарды құру тақырыбында кәсіби спикерлерден 20 семинар сериясы өтеді. Отбасылық бюджет, қарым-қатынастағы кризистер, әйелдер энергиясы және тағы басқа тақырыптар талқыланады. Марафон қорытындысы бойынша ең белсенді отбасыларға сыйлықтар беріледі: • екі аспаздық мастер-класс; • видео түсіру; • екі студиялық фотосессия; • мейрамханада екі кешкі ас. Семинарға қатысу тегін. Жүлде ұтыс ойынына 29 жасқа дейінгі Нұр-Сұлтан аумағында тұратын жас отбасылар қатыса алады. Тіркелу үшін мына мәліметтерді жіберуіңіз керек: • Ерлі-зайыптылардың аты-жөні; • телефон нөмірлері; • некені тіркеу туралы куәліктің сканерленген көшірмесі. Барлық сұрақ бойынша сіз бізге direct немесе телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз: +7 747 365 5559 Толығырақ ақпарат @elorda.otbasy және @ns_jastary парақшаларында жарияланады.