Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлік негіздері курсына жолдама беруді бастады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жыл ішінде "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арқылы 1200 адам осындай курстарда оқып, білімін жетілдіре алады. "Бастау бизнес" жобасы бойынша жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқи алады. Халықты жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің нысаналы топқа сәйкестігін тексеруді "Еңбек нарығы" автоматты ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады және жолдама береді. Үміткерлер жұмыспен қамту орталығына хабарласуы керек. Жолдаманы беру мерзімі 3 жұмыс күні.
Ұқсас жаңалықтар