Елордада «Өмірге үміт сыйла» атты акция өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Өмірге үміт сыйла» атты акция өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111724115824340.webp)
Қайырымды шара барысында елордадағы ауруханаға 3 дана оттегі концентраты, 30 дана пульсоксиметр, 30 дана тыныс алуға арналған жабдық (шланг) берілді.
«Бүгін Рамазан айының алғашқы жұмасында ақ халатты абзал жандарға келіп отырмыз. Біздің өткізетін шараларымыз өте көп. Дегенмен де, қазіргі жағдайды ескере келе дәрігерлердің еңбектері зор екенін білеміз. Сіздерге Алла разы болсын! Біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ауруханаға келіп, діни басқарма атынан тартуымызды қабыл алсын деген ниетте келіп отырмыз», — деді «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров.
Аталған шарада «Берекелі Рамазан сыйы» акциясымен 15 азық-түлік себеті таратылды. Игі шара Рамазан айы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Акцияға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен имамдар қатысты.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл басында 7 бағытқа басымдылық беретінін айтқан болатын. Соның бірі — қайырымдылық бағыты. Бүгін соны іспен көрсетейік деп ақ халатты абзал жандарға Рамазанның сыйын алып келіп, елге қызмет жасап жатқандары үшін рақметімізді айтайық деп арнайы келдік. Қиын жағдайда алдыңғы шепте жүріп, түрлі жағдайларға кездеседі. Соған қарамастан жұмыстарын жалғастырып, халыққа жақсылығын, қызметін жасап жатыр. Қасиетті Рамазан айында осындай ізгі жақсылықтарды іспен көрсетейік деген мақсат қойдық. Осы сынды игі істер бұдан кейін де жалғасын табады» — деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.