Байден АҚШ-тың Ресеймен қарым-қатынасы жөнінде мәлімдеме жасады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Байден АҚШ-тың Ресеймен қарым-қатынасы жөнінде мәлімдеме жасады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111724445679486.webp)
Америкалық көшбасшы апта басында президент Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенін тілге тиек етіп, әңгіменің «ашық әрі құрметпен» болғанын атап өтті. «Біз – жаһанның тұрақтылығы үшін үлкен жауапкершілік жүктелген екі ұлы державамыз. Президент Путин екеуміз бұл қарым-қатынасты жұмыс жағдайында ұстап тұруға белгілі бір деңгейде жауаптымыз», - деді Байден. Саясаткер ресейліктер мен америкалықтарды бейбіт әрі қауіпсіз болашақты ұстанатын патриот халықтар деп атады. Сонымен қатар Байден Ресейге қарсы санкцияны АҚШ-тағы сайлауға кедергі келтіргені үшін енгізгенін нақтылап өтті. Әрі қарай да осылай кете беруі мүмкін екенін, алайда ол басқа жолды таңдағанын жеткізді. «АҚШ Ресеймен кезекті жанжалдың басталғанын қаламайды. Біз тұрақты қарым-қатынас орнағанын қалаймыз. Бірақ егер Ресей біздің демократиялық ісімізге тұмсығын сұққанын жалғастыратын болса, мен жаңа жауапты қадамдарды қолдануға дайынмын», - саясаткер. Құрама Штаттар басшысы Ресей президентімен жеке байланысының маңыздылығына тоқталды. Оның пікірінше, АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасының жақсаруына сеп болуы мүмкін. «Осыған байланысты мен оған (Владимир Путинге – ред) осы жазда Еуропаның бір жерінде кездесуді ұсындым. Саммитте біз екі елге қатысты көптеген сұрақты талқылай аламыз. Командаларымыз қазір бұл мүмкіндікті талқылап жатыр. Осы саммит нәтижесінде АҚШ пен Ресей стратегиялқ тұрақтылық жөніндегі диалогты бастай алады деп үміттенемін», - деді Америка көшбасшысы. АҚШ президенті Вашингон мен Мәскеу қару-жарақ пен қауіпсіздікті бақылау сияқты әлемдік мәселелер жөнінде бірігіп жұмыс істей алады деп санайтынын жеткізді. Мысал ретінде ол шабуыл қару-жарағын қысқарту жөніндегі шартты бес жылға ұзартуды келтірді. «Біз онымен (Владимир Путинмен – ред) АҚШ пен Ресейден талап етілетін ғаламдық мәселелермен күресте бірігіп жұмыс істеуге келістік. Бұл мәселелерге Иран мен Солтүстік Корея тарапынан қауіп төндіретін ядролық қару, қазіргі пандемияның аяқталуы, әлемдік климаттың өзгеруімен күрес кіреді», - деді Байден. Америка көшбасшысының сөзінше, АҚШ одақтастары мен Еуропадағы серіктестерін, сонымен қатар Украинаның егемендігі мен территориясының тұрақтылығын қолдайды. Естеріңізге салсақ, бұған дейін АҚШ Ресейге қарсы санкция енгізіп, ресейлк жеке тұлғалар мен ұйымдарға да қатысты шектеу шаралары жасалған болатын.