Недовесов пен Голубев Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Недовесов пен Голубев Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына өтті
ашық дереккөз

Қазақстандық жұп ширек финалда чехиялықтар Зденек Колар – Лукаш Росолмен шеберлік байқасты. А.Недовесов бұдан бұрын Сплиттегі дәл осындай челленджер жарысының жартылай финалында қарсыластарын тізе бүктірген болатын. Матч бұл жолы да тартысты өрбіді. Бірінші партияда чехиялық жұп басымдылық көрсетті – 6:3. Екінші сетте қазақстандықтар дәл осындай есеппен қарымта қайыра білді. Тай-брейкте Недовесов пен Голубев жеңіске жетті – 10:8. Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды. Қазақстандық жұп финалға шығу үшін Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен таласады. Қазақстандықтар бұдан бұрын Сплитте осы жұппен финалда кездесіп, жеңіске жеткен болатын.