Елімізде «Киік» табиғат қорғау акциясы басталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде «Киік» табиғат қорғау акциясы басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111847546662875.webp)
Іс-шараның бастамашылары - Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Тараптар ««Киік» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды. Акцияның мақсаты - лактация кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ ел аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру. "Бұйрық шеңберінде акцияны өткізу кезінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Акция барысында құқық қорғау органдарымен бірлесіп киік мүйіздерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және оларды елден тыс жерлерге шығару бойынша шаралар күшейтілетін болады", - делінген хабарламада.