Ким Чен Ын Солтүстік Корея халқын аштыққа дайын болуға үндеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ким Чен Ын Солтүстік Корея халқын аштыққа дайын болуға үндеді
ашық дереккөз

Партия съезінде сөз сөйлеген ол елді аштық күтіп тұрғанын айтып, өзінің жақтастары мен отандастарын 1990 жылдардағыдай дағдарысқа дайын болуға шақырды. Ресми дереккөздерге сүйенсек, 1990 жылдардағы дағдарыста КХДР-да аштықтан 3,5 миллион адам көз жұмған. Партия көшбасшысының сөзінше, бұл ел қазіргі уақытта өзінің тарихындағы ең қиын жағдайда тұр. Бұған ол бірнеше фактордың себеп болып отырғанын мысалға келтірді. Олар: өткен жылдың жазында орын алған табиғи катаклизмдер мен коронавирус пандемиясы және кореялық зымыран бағдарламасына байланысты америкалық санкция. Солтүстік Корея басшысы ел жұртшылығын тағы да қиын кезеңге, жаңа дағдарысқа дайын болуға шақырды. 1994-98 жылдардағы дағдарыстан кейін Солтүстік Корея белгілі бір деңгейде өзінің өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз еткен болатын. Алайда қазіргі уақытта шетелдік өнімдерге тәуелді. Жалпы, КХДР – егін алқаптары тапшы таулы ел. Сонымен қатар фермерлеріне трактор, комбайн сияқты техникалар жетіспейді. БҰҰ мәліметінше, Солтүстік Кореяға жасалатын толық көлемдегі импорт тұрғындардың бестен екісіне жетпейді. Ал балалардың үштен бірінде дұрыс тамақтанбаудың салдарынан физикалық дамуы жағынан кешеуілдеу бар. 2020 жылдың жазында қатты тайфундар егін жинау науқаны басталар шақты өнімдерді шайып кеткен. Бірақ қазіргі уақытта ел ішіндегі коронавирустық эпидемиологияның нашарлауына байланысты өзге елдермен шекарасы жабылғандықтан, бұл елге жеткізілетін гуманитарлық көмек тоқтатылған. Дегенмен халықаралық бақылаушылар бұл елде әзірге аштықтың байқалмайтынын айтады. Алайда Ким Чен Ынның сөзіне қарағанда жағдай анағұрлым күрделі. «Біздің алдымызда үлкен қиындықтар тұр. Партиялық съезде қабылданған шешімді орындау бойынша біздің жұмысымыз оңайға соқпайды. Мен партияның Орталық комитеттерінен бастап, жергілікті ұйымдарға дейінгі барлық деңгейдегі құрамынан халықтың аз да болса өмірін жақсарту үшін қиын кезеңге дайын болуларыңызды сұраймын», - деді Ким Чен Ын партия съезінде. Естеріңізге салсақ, биылғы қаңтарда өткен партия съезінде ел басшысы өзін-өзі қамтамасыз ете алатын мықты экономика құруды тапсырған болатын. Алайда енді партияластарын қиын жағдайға дайын болуға үндеуге мәжбүр болып отыр.