Джек Маның байлығы 2 млрд долларға артты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Джек Маның байлығы 2 млрд долларға артты
ашық дереккөз

Аталған компанияның АҚШ-тағы акциясы айыппұлдан кейін 9,3 пайызға ұлғайған. Bloomberg мәліметінше, бұл – төрт жыл ішіндегі ең үлкен өсім. Bloomberg-тің «Миллиардерлер индексінде» Джек Маның байлығы 52,1 млрд доллармен 25-ші жолда тұр. Естеріңізге салсақ, қытайлық нарықты реттеуші қызметі интернет саудасы бойынша Қытайда 18,3 млрд юаньмен (2,8 млрд доллар) рекордтық көрсеткішке жеткен Alibaba компаниясына монопольяға қарсы ережені бұзғаны үшін айыппұл салған болатын. Айыппұл компания қызметтерін тұтынушылардың таңдауына ерік бермей жүргізгені үшін салынған. Шағымданушы топтың пікірінше, бұл қытайлық электронды коммерция нарығындағы бәсекелестік ортасына кері әсерін тигізген. Сонымен қатар Alibaba акциялары Гонконг биржасында 12 сәуірдегі сессияның ашылуынан кейін қымбаттай бастаған.