Қазақстан премьер-лигасы ең қымбат ойыншыларының рейтингі шығарылды
Sports.ru дерегінше, ондағы польшалық жартылай қорғаушы Яцека Гуральскийдің табысы ең жоғары – 2,5 млн еуро. Екінші орында оның клубтасы сербиялық қорғаушы Раде Дугалич тұр, оның табысы – 2,2 млн евро. Үздік үштікті «Астана» клубының ойыншысы Тигран Баргесян түйіндеп тұр, табысы – 2 млн еуро. Ал Қазақстаннан бөлек сырт елдерге де ең танымал футболшы Вагнер Лав топ-10-ға енбей қалыпты. Небір ойын өрнегін көрсетіп, әртүрлі титулдарды иеленіп жүрсе де бразилиялықтың табысы 1 млн еуро екен. Мұның себебін сарапшылар ойыншының жас мөлшерінде деп түсіндіруде. Лавтың жасы мөлшерінде деп түсіндіруде. Лавтың жасы 36-да. Алайда цифрға басқа қырынан қарағанда, екі клубтың да кірісінен шығыны асып түскен. Бұл жағынан щымкенттік «Ордабасының» қаржылық жағдайы ең жақсы болып шықты. Естеріңізге салсақ, бұрнағы күні ел чемпионатының үшінші кезеңі аяқталды. Онда «Қайсар» «Каспийді» жеңсе, «Ақтөбе» мен «Ордабасы» тең түсті.