Планетаны пандемиядан да маңызды мәселе күтіп тұр – халықаралық сарапшы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Планетаны пандемиядан да маңызды мәселе күтіп тұр – халықаралық сарапшы
ашық дереккөз

5G технологияларына көшудің өзекшілігі

Day One Insights директоры Тарун Вадхва жаңа технологиялық мүмкіндіктер дәуірінде 5G технологияларына көшудің өзектілігі туралы айтты. «5G технологиясына көшу мәліметтер базасын цифрландыруға, компания процесстерін неғұрлым инновациялық жүйеге көшіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұны ауылдық жерлерде пайдалану үшін қажет. Алайда ол өкінішке қарай компания инновациялары, логистикалық құрылысы және өндірістік пайдалану үшін цифрландыру бойынша бар мәселелерді шеше алмайды», - деді ол. 

Суперапптар – мүмкіндіктерді теңестірушілер

QWANT онлайн бағдарламалау мектебінің жоба жетекшісі Бейбарыс Өмірбаев жаңа қызметтер мен алғашқы суперапптардың дамуы туралы пікірталастар шеңберінде суперапптар туралы айтты. Оның ойынша, технологиялық революция барысында Қазақстанда экономикалық өсуге оң әсер ететін, қызметтер деңгейін жоғарылататын көпфункционалды қолданбалардың даму тенденциясы байқалады. «Қазіргі таңда Қазақстандағы суперапптар – бұл мүмкіндіктерді теңестірушілер. Олар барлық қажетті қызметтерге тең қол жетімділікті қамтамасыз етеді және көпшілікке бағытталған», - деді ол. Өз кезегінде BTS Digital компаниясының бас директоры Нұртай Әбілғалиев: «Қазақстандағы суперапп өндірушілері үшін ең үлкен қиындық – бұл тұтынушылар үшін ең жақсы өнімді жасап шығару. Яғни, Қазақстанда тұтынушы тұрғысынан суперапптардың дамуына қатысты еш кедергі жоқ, ал өндіруші тұрғысынан басты кедергі бәсекелесті ұтып, жылдамдығы мен құндылығы жоғары қолданбаны көпшілікке ұсыну», - деді. 

«Қалалар - технология мен инновацияның орталығы, бірақ...»

Сондай-ақ сессияларда урбанизмді цифрландыру үдеуі мен осы саланың дамуына ықпал етудегі елдердің рөлі де талқыланды. Бұл ретте BI Innovations бас директоры Нариман Мүкүшев қазақстандық компаниялар қаланың дамуына инновациялар енгізетінін, сол арқылы жұмыс орындарын ашып, экономикаға үлес қосатынын атап өтті. Оның пікірінше, мемлекет осы инновациялық жобалар туындауына ықпал ететін экожүйелерді дамыту керек. Алайда БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы хатшылығының менеджері Ольга Пилифосова «қалалар технология мен инновациялар орталығы болғанымен, қоршаған ортаны өлтірудің қауіпті алаңы ретінде қызмет етеді» деген пікірін білдірді. «Пандемия біздің планетамыздағы ең жаман нәрсе емес. Өткен жылдың өзінде ғана әуе кемелері ұшуының тоқтауы, трафиктің азаюы және көптеген зауыттардың жабылуына байланысты парниктік газдар шығарындыларының 11% төмендеуіне әсер етті. Бірақ соған қарамастан, әлемде ғаламдық жылыну қаупі сақталуда. Планетаны пандемиядан бөлек әлдеқайда маңызды мәселе күтіп тұр», - деді Пилифосова.