Елордада жыл басынан бері CОVІD-19 індетін жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жыл басынан бері CОVІD-19 індетін жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111861827925373.webp)
ашық дереккөз
«Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша бір ай "қызыл аймақта" тұр. Ағымдағы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты, пандемия басталғалы 34 007 жағдай тіркелді, оның ішінде 21 957 - симптоматикалық және 12 050 - симптомсыз», — деді Сархат Бейсенова. Дәрігердің айтуынша ақпан айында сырқаттанушылық динамикасында қаңтармен салыстырғанда 25% - ға төмендеу байқалса, наурыз айынан бастап елордада сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі байқалады және наурыз айы мен сәуірдің 7 күнінің қорытындылары бойынша қаңтар мен ақпан айларына қарағанда 2338 жағдайға көбірек тіркелді.
Ұқсас жаңалықтар