«Жас сарбаз» қозғалысының қатары жас патриоттармен толықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жас сарбаз» қозғалысының қатары жас патриоттармен толықты
ашық дереккөз

Әскери тәртіпке бет бұрған жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдап, артылған сенімді ақтап шығуға ниетті екендіктерін жеткізді. Оларға «Жас сарбаз» қатарына ресми түрде қабылданғанын растайтын куәлік табыс етілді. - Осындай айтулы күні мектебімде патриот жастардың басын біріктірген «Жас сарбаз» сыныбының ашылғанына және оның бір мүшесі болғаныма қуаныштымын. Болашақта елімізді білектің күшімен қорғап қалған атамның ізін жалғап, Отан қорғаушы боламын, - деді 8-сынып оқушысы Әнуар Мұхтар. Іс-шараға Талапкер ауылдық округінің әкімі Асқар Жақсыгелдинов және Республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев қатысты. Қазақстан бойынша «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысы 7 мыңнан астам клуб пен сыныптарды, сондай-ақ 215 000 шамасында жасөспірімдерді қамтиды. Олар төл тарихын білетін, бүгінін бағалайтын, Тәуелсіздігін көзінің қарашығындай қорғайтын ұлағатты жас өрендер.