Британдық жазушының қазақ ағартушысы туралы кітабының халықаралық таныстырылымы өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Британдық жазушының қазақ ағартушысы туралы кітабының халықаралық таныстырылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111864325619.webp)
[caption id="attachment_73533" align="alignnone" width="1024"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption]
Қазақстанға бірнеше рет сапарлап келген британдық белгілі жазушы, журналист Ник Филдинг бұған дейін ағылшын саяхатшылары Томас пен Люси Аткинсонның ұрпақтары туралы кітапты Қазақстанда ағылшын тілінде ұсынған болатын.
Белгілі қазақ ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың тарихи-этнографиялық зерттеулерін «Шоқан Уәлихановтың таңдамалы еңбектері: Ұлы дала этнографы және тарихшысы» кітабын алғаш рет ағылшын тілді оқырманға ұсынады.
Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнография институтымен ынтымақтастықта жарық көрген бұл жинақта Шоқан Шыңғысұлының Орталық Азияның географиясы, тарихы, этнографиясы және экономикасы аспектілеріне арналған аса маңызды ғылыми еңбектері топтастырылған.
[caption id="attachment_73534" align="alignnone" width="1024"]
Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption]
«Шоқан Уәлихановтың еңбектері алғаш рет 150 жылдан соң ғана ағылшын тіліне аударылып отыр. 1865 жылы Лондонда жарияланған жинақтарда оның тек төрт эссесі аударылған болатын. Сондықтан 20 эссенің ағылшын тіліне аударылып, басылып шығуы – қазақ ғылымы үшін ерекше оқиға. Ник Филдингтің «Ұлы даладағы саяхатшылар: папалық елшілерден орыс революциясына дейін» атты жаңа кітабы – Азияның қақ ортасында орналасқан елдер үшін маңызды тарихи мұра», - дейді Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері.
Кітапта әлемнің түкпір-түкпіріндегі зерттеушілердің, аттары ұмыт қалған саяхатшылардың әңгімелері жинақталған. Олардың саяхат барысындағы қиындықтары, жетістіктері мен сәтсіздіктері толық сипатталған. Кітап түрлі-түсті иллюстрациялық суреттер мен карталармен сипатталған.