Америкалықтар акциядан гөрі жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға бет бұрды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Америкалықтар акциядан гөрі жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға бет бұрды
ашық дереккөз

Тұрғындар арасындағы сауалнамаға сәйкес, көпшілік сонымен қатар акция сатып алғаннан гөрі жалға алушы болуды дұрыс деп есептеген. Олар акция орнына баспананы таңдауының себебін мол табыс іздегеннен гөрі жайлылық пен тұрақтылықты қалайтындықтарына байланысты деп түсіндірген. Сауалнамаға қатысушылар тұрғын үйдің бағасы тиімдірек екенін айтқан. Зерттеу жұмыстарына сүйенсек, азаматтардың жылжымайтын мүлік нарығына деген көзқарасы пандемия кезінде өзгерген. Сонымен қатар статистикалық мәлімет бойынша жылжымайтын мүлікпен айналысуға деген қызығушылық ерлерге қарағанда әйел адамдарда басым көрінеді. Айта кетсек, Америка Құрама Штаттарының еңбек министрлігінің есебіне қарағанда, дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысына сәйкес, АҚШ-тың қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділігі рекордтық көрсеткішке артқан.