Ақтоты Райымқұлова Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ақтоты Райымқұлова Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111883644985063.webp)
ашық дереккөз
«Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан танымал жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, «Халық алғысы» медалінің, «Парасат», II дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Қабдеш Жұмаділовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.Қабдеш ағамыз ғибратты ғұмырында мағыналы тірлік кешіп, өзінен кейін өшпейтін із қалдырған, қазақ əдебиетінде сара жол салған қарасөздің қарагері, дарабоз жан еді. «Қаздар қайтып барады» əңгімелер жинағы, Қаракерей Қабанбай туралы қос томды «Дарабоз» романы, қазіргі заман жайлы «Бір қаланың тұрғындары», «Бір түп тораңғы», «Саржайлау» шығармасы, Тəуелсіздіктен кейінгі кезеңді суреттеген «Қылкөпір» жəне замандастары туралы сыр шертетін «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романы ойлы оқырмандарының жоғары бағасын алды.Болмысы бөлек қаламгердің дəуір шындығын арқау еткен, бүгінгінің көкейкесті мәселелеріне арналған, бір адамның тағдыры арқылы қоғамдық ойға қозғау болған туындылары өміршеңдігін жоймай, Ұлы Дала елінің мүддесімен ұштастырып, қалың қазақтың рухани қажеттілігіне жарай берері сөзсіз.Өнегелі өмір иесінің асыл бейнесі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы жібектей жұмсақ болсын. Рухы сегіз жұмақтың төрінде шалқысын», - деп жазылған министрдің көңіл айту хатында.
Ұқсас жаңалықтар