Елордалық өрт сөндірушілер «Шапағат» базарындағы өртті жедел жойды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық өрт сөндірушілер «Шапағат» базарындағы өртті жедел жойды
ашық дереккөз

"2 сәуір сағат 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы Бөгенбай батыр даңғылы, 69 мекенжайында орналасқан Шапағат базарына шақыртуға аттанды. Алдын ала болжам бойынша 50 ш.м аумақта керамогранит астындағы жылытқыш пен жабыны өртеніп жатқаны анықталды. Ғимарат ішінде өрт орын алған жоқ. Зардап шегушілер мен қаза болғандар жоқ", - делінген Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өрт орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 8 бірлік техника мен жеке құрамның 32 адамы жұмылдырылған. Өрт сағат 23:05 ауыздықталды.