Еуропада пандемия басталғаннан бері 6 млн адам жұмыссыз қалды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«ЕО-дағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың қаңтарында 7,3 пайызға жетті. Өткен жылы 6,6 пайыз болған еді. Дағдарыстан әсіресе жастар қатты зардап шекті. Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ елдерінде 3 миллионға жуық жас маман жұмыс істемейді. Біздің парызымыз – бұл мәселені ушықтырмай, уақтылы шешу», – деді Шмит.
Бұл тұрғыда Еурокомиссия «жастарды жұмыспен қамту» бағдарламасын іске қосты. Енді жұмыссыз қалған немесе оқу орнын бітірген 30-ға толмаған жастарға жұмысқа орналастыру немесе тағылымдамадан өткізу туралы ұсыныс жасалмақ. Пандемияға байланысты қатаң әлеуметтік-экономикалық шектеулер енгізілгеннен кейін 2020 жылдың көктемінде одақ экономикасы дағдарысқа ұшыраған. Күзде індеттің екінші толқыны басталады деген ақпарат тараған кезде кейбір ел карантин талаптарын тіптен күшейткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар