WorkTrendIndex: Қашықтан жұмыс істеу трендте

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
WorkTrendIndex: Қашықтан жұмыс істеу трендте
ашық дереккөз

Эксклюзивті зерттеу мен сараптамалық пікірлер бизнес басшылары үшін жұмыстың жаңа кезеңіне өту жағдайындағы өзекті үрдістерді ашып көрсетті. "Бүгінде сіздің таңдауыңыз ұйымыңызға көптеген жылдар бойы әсер етеді. Бұл –  стратегиялық көзқарас пен жаңартылған көзқарасты қажет ететін кезең", – деді Microsoft 365 корпоративтік вице-президенті Джаред Спатаро. Зерттеу кезіндегі мәліметтерге сәйкес, қашықтан жұмыс істеу процесі өткен жылдың жұмыс сипатын айтарлықтай өзгерткен. Microsoft Teams және Outlook статистикасына сүйенсек, байланыс саласы төмендеген. Бірақ гибридті жұмыс бұл көрсеткішті қалпына келтірген. Сонымен қатар кездесулерге кететін уақыт бүкіл әлем бойынша екі еседен астамға өссе, биылғы ақпан айында өткен жылмен салыстырғанда электронды хат 40 миллиардқа көбірек жеткізіліпті. Сол сияқты жұмыс адамдарға бұрынғыдан да оңтайлы бола бастаған көрінеді. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 40 пайызы өздерін жайлы сезінетінін және пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда жұмысқа көбірек көңіл бөлетіндерін айтқан. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 73 пайызы қашықтан жұмыс істеу форматын сақтауды қолдаған. LinkedIn-де қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар жұмыс саны пандемия кезінде бес еседен астамға өсіпті. Әлем елдері бойынша бүгінде қызметкерлердің 40 пайыздан астамы қазіргі жұмыс орнын ауыстыруды қарастырса, 46 пайызы қашықтан жұмыс істей алатындықтан, басқа аймақтарға көшуді жоспарлап отырған көрінеді. Айта кетсек, Work Trend Index жүргізген зерттеу жұмыстарына 31 елден 31 мыңнан аса респондент қатысқан. Microsoft 365 және LinkedIn пайдаланушыларының өте ауқымды көрсеткіштері талданған. "Пандемия кезінде біз COVID-19 дейін де болып жатқан белгілі бір тенденциялардың жедел дамуын байқадық. Бірақ ең маңызды трендтердің бірі – бұл қашықтағы жұмыс форматының танымалдылығының артуы. Қашықтан жұмыс пен қызметкерлердің ұтқырлығы арқылы мүмкіндіктердің артқанын көреміз. Бұл – бизнес қауымдастығына сұраныстағы мамандарды өздеріне тартуға мүмкіндік беретін уақыт", - деді LinkedIn бас экономисі Карин Кимброу.