Елордада наурыз айында 4 мыңнан аса азық-түлік себеттері таратылды – Дәурен Бабамұратов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада наурыз айында 4 мыңнан аса азық-түлік себеттері таратылды – Дәурен Бабамұратов
ашық дереккөз

«Қала әкімі Алтай Көлгінов наурыз айын «қайырымды істер» айы деп жариялаған болатын. Елордада наурыз айында 4 мыңнан аса азық-түлік себеттері таратылды. Бұл негізінен әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне, қаладағы көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасылар мен мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналарға берілді. Азық-түлік себеттерін таратуда ешқандай мемлекеттік қаржы жұмсалған жоқ. Ол жеке демеушілер, меценаттар, қарапайым азаматтардың көмегімен жиналды. Соның ішінде қалалық мәслихат депуттары, "Халық банк" АҚ азық түлік себеттерін әзірлеуге және таратуға көмегін тигізді», – деді ол.