Елорданың татуластырушы судьясы жұмысы жайлы баяндады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың татуластырушы судьясы жұмысы жайлы баяндады
ашық дереккөз

Шарада екі елдің сот саласының мамандары баяндама жасады. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Гүлдана Шарапатова өз сөзінде медиация мәселесін қозғады. «2020 жылғы маусымнан бастап Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді. Қазір Қазақстанның барлық сотында татуластырушы судьялар қарастырылған. Олар сотқа түскен арыз-шағымдар, нақтыласақ, ішіндегі рұқсат етілгендері бойынша татуластыру процедураларын жүргізеді. Әрине, бұл процедураны барлық шағым бойынша жасауға болмайды. Өйткені татуласуға келмейтін даулар да болады. Тараптарды татуластырумен айналысатын татуластырушы судья ретінде мен бұны өте ыңғайлы, керекті және уақытылы процедура деп айтар едім. Себебі барлық қатысушы тарап бейбіт жолмен шешілетін дауларға қатысты әрқашан жақсы пікірін айтып жатады. Біз осы жоба аясында сауалнама жүрізгенбіз. Қатысушылардың көбі бұл процедура туралы жағымды пікір білдірді. Ол уақытты да аз алатындықтан өте қолайлы. Бізде көптеген дау бір-екі жұмыс күнінде шешіледі. Кодекстерде татуласу процедурасын 10 жұмыс күнге дейін жүргізу қарастырылған. Тағы бір басымдық, бұл процедура тегін көрсетіледі», - деді Гүлдана Шарапатова. Іс-шараға судьялар, медиаторлар, заңгерлер, ғалымдар, студенттер, журналистер қатысты.