Биылғы оқу жылы 1-ші сыныпқа 26 мыңға жуық оқушы келеді деп күтілуде — Бағлан Сматаева

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биылғы оқу жылы 1-ші сыныпқа 26 мыңға жуық оқушы келеді деп күтілуде — Бағлан Сматаева
ашық дереккөз

«Биылғы оқу жылы 1-ші сыныпқа болжаммен 26 мыңға жуық оқушы келеді деп күтілуде. Ата-аналар құжаттарын " электрондық үкімет" порталы арқылы береді. Алғашқы үш өтініш мектепке қызмет көрсету аумағынан қабылданады, біреуі — ата-аналардың өтініші бойынша (3+1 қағидаты). Қажетті құжаттар тізімі: ата-анадан өтініш, баланың куәлігі, денсаулық жағдайы туралы анықтама , баланың денсаулық паспорты, баланың 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті. Ведомствода ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қабылдау баланың ата-анасының келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылатынын атап өткім келеді», деді – Бағлан Сматаева Оның айтуынша, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мамандандырылған білім беру ұйымдарына үміткерлерді конкурстық іріктеу 1-20 маусым аралығында тестілеу арқылы офлайн режимінде өтеді. Өтініштерді қабылдау  мерзімі1 наурыз бен 15 сәуір аралығы.