ЕҰУ кітапханашысы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ЕҰУ кітапханашысы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды
ашық дереккөз

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми кітапханасының инклюзивті ақпараттық-ресурстық орталығының үйлестірушісі Гүлһая Жуашбаева Ақтолқын Бұқарбаевамен бірге Тараз қаласында өткен паравелоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. Жарысқа 13 жұптан 26 спортшы қатысты. Спортшылар тандемде 7,5 шақырым қашықтықты бағындырды. ЕҰУ қызметкерінің жеңісі – тынбай жасаған жаттығулары мен табандылықтың және зор ерік-жігердің жемісі.