Түркия Қазақстандағы балалар кітапханалары қызметін дамытуға қалай үлес қоса алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Түркия Қазақстандағы балалар кітапханалары қызметін дамытуға қалай үлес қоса алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111883535386078.webp)
Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 22 қазанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқудың маңыздылығын ерекше атап өткен болатын.
«Осы аталған іс-шараға Қазақстанның тумасы ретінде Түркия мен Қазақстан арасындағы кітапхана саласында аз да болса үлесімді қоссам деген ниетпен Хаджеттепе университеті ақпарат және деректерді басқару бөлімінің оқытушы құрамының мүшесі, профессор Бүлент Йылмаздың «Балалар кітапханасы қызметі нұсқаулығы» деген кітабын қазақ тіліне аудардық. Мен үшін балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау – үлкен бастама. Өйткені әр елдің дамуы, биік белестерден көрінуі балалардың кітап оқуынан басталады. Біздің бұл туындымыз Қазақстандағы балалар кітапханасының қызметін дамытуға өз үлесін қосады деген ойдамыз. Балалар кітапханасы қызметі нұсқаулығы – баланы дербес ерекшеліктері мен даму сатылары негізінде бағалайтын, әрі баланы жетілдіретін мекеме ретінде балалардың кітапханасына мән беретін заманауи көзқарастың жемісі. Айта кеу керек, қазақ тіліндегі кітаптың сыртқы мұқабасының авторы – Түркиядағы танымал суретшi, дизайнер Гюнеш Аббас. Алдағы мамыр айында Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да қалаларының балалар мен жасөспірімдер кітапханаларында осы кітаптың тұсаукесерін ұйымдастыру жоспарымызда бар», - деді Түркия Республикасы тарих және мәдениет қауымдастығы жоба үйлестiрушiсi.