«Antikor ortalyǵy» алаңында сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар айтылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Antikor ortalyǵy» алаңында сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар айтылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111890444885703.webp)
Нұрлан Әбуов басқарманың 2019-2020 және 2021 жылдар аралығында аудандық басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын хабарлады. Пара беруге әрекет жасалған жағдайда қызметкер бұл туралы басшылықты хабардар етеді және пара берушіге тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына хабарлайды. Сондай-ақ, Нұрлан Әбуов әлеуметтік желі пайдаланушыларына 77-32-08 сенім телефоны арқылы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына немесе егер аудандық басқарма қызметкерлері пара талап етсе, құқық қорғау органдарына жүгіну керектігін айтты. Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында қызметкерлер мен салық төлеушілердің тікелей байланысын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, осы режимде Мемлекеттік кірістер комитеті Е-Salyq Azamat мобильді қосымшасын іске асырды. Осы қосымшаның көмегімен азаматтар салық салу объектілерін және орындалмаған салық міндеттемелерін, артық төленген салықтарды қайтаруды немесе салықтың басқа түрлері мен басқа да қызмет түрлері бойынша қарыздарға жатқызуды пайдалана алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау мемлекеттік қызметші мен оның сенім білдірген жақындары үшін еңсерілмейтін өкініш тудыратынын және мемлекеттік органның абыройына елеулі нұқсан келтіретінін ескере отырып, барлығын адал және парасатты болуға шақырды. Тікелей эфирдің сілтемесін мына жерден көруге болады.