Қазақстан және Румыния кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес форум өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан және Румыния кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес форум өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111888144932231.webp)
Іс-шара барысында Елшілік қазақстандық экономиканың жетекші салаларын, атап айтқанда жеңіл және ауыр өнеркәсіп саласындағы серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен қатар, бизнес-форум қатысушыларына инвестициялық преференциялар, АХҚО-ның және біздің елдегі еркін экономикалық аймақтардың қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. «KazakhInvest» ҰК» АҚ Стратегиялық жобалар департаментінің директоры Жандос Темірғали Қазақстандағы бизнесті жүргізу перспективаларын, аймақтардың артықшылықтары мен жеткізу бағдарларын, инвесторларды заңнамалық қорғау жүйесімен таныстырды. Румыния СӨП Бас хатшысы Овидиу Силаги және Прахова СӨП төрағасы Аурелиан Гогулеску өз елінің сауда-экономикалық әлеуетімен таныстырды, бірлескен бизнес жүргізу перспективалары туралы әңгімеледі, сондай-ақ қазақстандық нарыққа шығуға ниет білдірген румын компанияларын таныстырды. Форум үш панельдік бөлімнен құрылды - өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету, олардың шеңберінде екі елдің кәсіпкерлері өз компанияларының қызметтерімен таныстырып, тікелей байланыс орната алды. Бизнес-форум Қазақстан мен Румынияның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылығын растады. Атап айтқанда, кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібі өнімдеріне қатысты сауданы әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті.