Көліктік бақылау инспекциясында ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібінде ұсыныс қаралды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көліктік бақылау инспекциясында ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібінде ұсыныс қаралды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан - Қарағанды тас жолында халық тұтынатын тауарларды жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүк автокөлік құралдарының жүргізушілерінен автомобиль көлігінде бақылау бөлімінің бас маманымен бірнеше рет пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процесстік кодексінің 200-бабы бойынша ұсыныс қаралды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кінәлі тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту және көліктік бақылау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауға бастамашылық етті. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамада қабылданған өзгерістер жеткізілді.