Өнертапқыштар пандемия кезінде қандай құрылғылар ойлап тапты
COVID-19 белгілі бір орында бірнеше күн бойы орныға алады. Бұл ретте өнертапқыштар вирусқа қарсы бүркеу тәсілін ойлап тапты. Адамдармен байланыста болғанда 90 күнге дейін қорғанысты қамтамасыз ететін дезинфекциялық зат бөлетін құрал Гонконг технологиялық (HKUST) университетінде жасалған. Бұл бүркігіштегі термосезгіш полимерлер сәуірде пайдалануға шығарылмақ. Бұдан бөлек мұндай технологиян Израильдің Негеве университетінің ғалымдары осыған ұқсас нанометалл мен полимерлер негізіндегі бүркеуішті ойлап тапқандарын жариялады. Олардың пікірінше, бұл құралдың әсері бірнеше айға дейін жойылмайды. Инфекцияға қарсы эскалатор Дәл осы уақытта немістің UVIS стартап компаниясы ультра күлгін сәулесі арқылы дезинфекция жүргізіп, вирусты өлтіретін қорапты ойлап шығарды. Ғалымдардың сөзінше, бұл қорап эскалаторды микробтан 99 пайызға дейін тазартады. ESCALITE деп аталатын өнім қазірдің өзінде эскалатор жасаумен айналысатын әлемдегі бірқатар компанияда әзірленуде. Бұл да коронавирустың және басқа да вирус түрлерінің таралуын шектеуде үлкен рөл атқаруы мүмкін. Ақылды бетперде Коронавирустық пандемия кезінде көпшілік қауым дүкендер мен жабық қоғамдық орындарда бетперде тағуды әдетке айналдырды. Бұл ретте бетпердеге деген сұраныс та артты. Бірақ AirPop компаниясы шеңберден шығып, қарапайым бетперделерді өкпеге арналған фитнес-трекер ретңнде жасап шығарды. Active пен Halo Smart Mask тыныс алу мен ауа сапасын қадағалайды. Бетперде мобильді қосымша арқылы жұмыс істейді. Ол адам денсаулығын коронавирус және басқа да вирустан қорғайды. Айта кетсек, AirPop нарықта алты жыл бұрын пайда болған. Бұл компанияның негізін қалаушы Крис Хосмер жұқпалы респираторлық ауруға шалдыққан кішкентай қызына арнап бетперде жасағысы келіп, осындай жұмысқа бет бұрған-ды. Компьютерге арналған ультракүлгін тазалау құралы Өнертапқыштар бактерияны жоятын тағы бір құралды ойлап тапты. Жарықдиодты шамның компьютер экранына түсетін ультракүлгін сәулесі оның айналасын бактериялардан, вирустан қорғайды. Бұл құралды компания сәуір айынан бастап 299 долларға сатуды бастамақ. Сонымен қатар ол клавиатура мен тышқанды микробтан қорғайды.