ЕҰУ студенттері өзенге батып бара жатқан баланы құтқарды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ЕҰУ студенттері өзенге батып бара жатқан баланы құтқарды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111890940860493.webp)
Үйге барған соң студенттер баланы құрғақ киімге ауыстыруға көмектесіп, жылы сусын беріп, ата-анасына оқиға туралы хабарлайды. ЖОО-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында Мағжан өз қауіпсіздігі туралы бір минут та ойланбағанын айтты. «Менде бір ғана ой болды, - дейді ол. – Қайткенде баланы құтқару!». Мағжанның өзі отбасындағы жалғыз ұл. Ол ядролық физика мамандығы бойынша оқиды. Бұл мамандықты таңдағанына қуанышты, өйткені ол атомдар мен молекулалармен жұмыс істегенді ұнатады. Тағы бір кейіпкер Диас Камалов Техникалық-физика мамандығы бойынша грантта білім алады. Қостанай облысы Рудный қаласында туған, отбасының кенжесі. Мағжанмен бірге ол да мұндай сәттерде қорқыныш туралы ойлаудың өзі артық деп есептейді.