Ұлттық кітапханада «Ұлт мақтаныштары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық кітапханада «Ұлт мақтаныштары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті
ашық дереккөз

Қазақтың ұлы қайраткерлеріне арналған онлайн іс-шара Қазақстан мен Швеция Корольдігінің қатысушыларын, екі елдің шығармашылық зиялы қауым өкілдерін біріктірді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртаев, Швециядағы қазақстандық жастар қауымдастығының өкілдері Регина Шепетя-Ларссон және Динара Сабденова қатысты. Дөңгелек үстелге қазақстандық тараптан ғалым, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Уәлихан Қалижанұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, журналист, публицист Бауыржан Жақып, ғалым, әдебиет және өнер институтының докторы Мұрат Әуезов, филология ғылымдарының докторы Светлана Ананьева қатысты. Жамбыл Жабаев - ауызша-поэзиялық өнердің шебері, оның өлеңдері мен шығармалары – жырлары бүкіл әлемге таралып, әлемнің 160 тіліне аударылған. Ақынның феномені - оның шығармалары шынайы әрі импровизациядан туған. «Халық – менің шын атым» деп әрдайым халқына жақын болған. Ол атақты қырғыз ақыны Құлмамбетпен айтыста жеңген кезде қазақ пен қырғыз халықтарының бас ақыны атанды. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы - қазақ поэзиясының алтын қоры. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келіп, бүгінде халықтың ең сүйікті ақынына айналды. «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деп ақын өзі айтқандай, ол адамдарды адал, мейірімді болуға, жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеуге, туған жері мен ана тілін құрметтеуге, үлкендерді сыйлауға және бейбіт уақыттың әр сәтін бағалауға шақырды.