ДДСҰ пандемияның жаңа толқынын алдын алу мақсатында Халықаралық келісім жасауды қолдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ДДСҰ пандемияның жаңа толқынын алдын алу мақсатында Халықаралық келісім жасауды қолдады
ашық дереккөз

Бұл бастаманы Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишель және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейсус қолдады. "Біз мемлекеттер пандемияға алдын ала дайындық және оларға қарсы күрес туралы жаңа халықаралық шарт жасау үшін бірлесіп жұмыс істеуге тиіс екеніне сенімдіміз. Мұндай жаңа Ұжымдық міндеттеме пандемияға ең жоғары саяси деңгейде қарсы тұрудың маңызды кезеңі болады", - делінген хабарламада. Құжат Денсаулық сақтау саласындағы қазіргі жаһандық келісімдерге негізделеді және оның басты мақсаты болашақ пандемияның алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жандандыру болады деп болжанады