Елордалық спортшылар джиу-джитсудан ел чемпионатында топ жарды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық спортшылар джиу-джитсудан ел чемпионатында топ жарды
ашық дереккөз

Жарыстың алғашқы күні файтинг-систем бөлімінде 77 келі салмақта сынға түскен спортшымыз Баққуар Хамзе финалдық кездесуде атыраулық Әлішер Ақжігітовті ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал не-ваза бөлімінде (69  кг) сынға түскен Ислам Мамилов финалда Нұржан Батырбековтен басым түсіп, бірінші орын иегері атанды. Әйелдер арасында не-ваза бөлімінде Галина Дуванова (57 кг) мен Мадина Исказиналар (48 кг) қарсылас шақ келтірмеді. Қыздарымыз елорда құрамасының қоржынына тағы екі алтын жүлдені салды. Сонымен қатар, файтинг систем бөлімінде Риза Сабитовамен (48 кг) не-ваза бөлімінде Нариман Мыңбаев (62 кг), Дәурен Айтенов (+94 кг) күміс жүлдеге қол жеткізсе, не-вазада Генишев Билал (94 кг), Игорь Кухарь (94 кг), Айгүл Самат (63 кг) қоланы қанағат тұтты. Жалпы командалық есепте елорда құрамасы жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Бірінші орынды Алматы облысының құрамасы, ал үздік үштікті Маңғыстау облысы қорытындылады. Екі күнге созылған чемпионатқа еліміздің 14 өңірінен төрт жүзден аса спортшы қатысты. Жарыс карантин талаптарына сай көрермендерсіз өтті.