Бас қалада Nur-Sultan Indoor Triathlon жарысы өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас қалада Nur-Sultan Indoor Triathlon жарысы өтті
ашық дереккөз

Бәсеке аясындағы Qazaqstan жеңіл атлетика манежінде жүгіру, «Сарыарқа» велотрегінде веложарыс және бассейнде жүзу сайысы өтті. Жүзу дистанциясы – 200 метр, веложарыс – 2 шақырым, жүгіру – бір шақырым.

Жалпы жарысқа физикалық дайындығы бар кәсіби және әуесқой 69 спортшы қатысты. Әйелдер және ерлердің жас категориялары 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас және 50+.