«Әл-Фараби» анимациялық телехикаясы жарыққа шықты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Әл-Фараби» анимациялық телехикаясы жарыққа шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111963443235645.webp)
Телехикаяның басты мақсаты – түркі елінен шыққан Әбу Насыр әл-Фарабидің тағылымды өмір жолын баяндау арқылы еліміздің бүлдіршіндері мен жастарын ғылым-білімге баулу. «Ұсынып отырған жобамыздың тарих пен болашақ арасындағы алтын көпір боларына нық сенімдіміз. Себебі, Әбу Насыр әл-Фараби – әлемдік ғылым мен білім тарихындағы ұлы тұлға. Осынау теңдессіз ғалымның өмірі мен ғылыми ізденістері жайында тұшымды дүние жасауды басты міндетіміз деп білеміз. Жобада әл-Фарабидің ғылыми жетістіктерге оқу, ізденіс, еңбек пен даналықтың арқасында жеткені баяндалады. Мұндай көркемдік, концептуалды шешім экран алдындағы бүлдіршіндердің ізденіске, еңбек пен оқуға бет бұруына себепкер бола алады деген ойдамыз», – дейді арна директоры Мақпал Жұмабай. Анимациялық телехикая әлемдік өркениет пен мәдениеттің ошағы болған ежелгі Тикаль, Афина, Бағдат, Каир, Шаңан, Фараб қалаларын таныстырудан басталады. «Әл-Фараби» анимациялық жобасы «Balapan» телеарнасынан дүйсенбі-жұма күндері, сағат 20:10, 23:00-де көрсетіледі.